eSIM - бұл пластикалық SIM картаны алмастыратын құрылғыға салынған чип. Осы технологияны қолдайтын құрылғыларда ұяшыққа SIM картасын салу қажет емес. Чип ұялы байланысқа қосылу үшін барлық қажетті мәліметтерді қамтитын арнайы eSIM профилімен бағдарламаланған.
Қазіргі уақытта келесі құрылғылар бұл технологияны қолдайды:
eSIM профилі – QR-кодтың артында жасырынған цифрлық сілтеме. Altel Сату және Қызмет көрсету Орталықтарында қағаз тасушыдағы QR-кодты алып – оны сақтап қойыңыз, өйткені ол сізге SIM-ді қалпына келтірген жағдайда қажет болады.
Толық нұсқаулық QR-кодтың берілуімен қағаз тасушыда ұсынылады немесе eSIM-ді белсенді ету бойынша толық ақпаратты www.tele2.kz. сайтында таба аласыз.
Айта кетерлік жайт, QR-кодты сканерден өткізу үшін смартфонның камерасын ашудың қажеті жоқ. QR-кодтың арнайы оқып шығушысы жаңа сим-карталарды қосқан кезде Смартфонның баптамаларында қолжетімді болады.
Подключение к услуге eSIM и замены SIM-карты с номером Tele2 на eSIM стоит 1000 тг.
При переходе на Tele2 с номером другого оператора услуга eSIM предоставляется бесплатно.
eSIM бар мобильді телефондар бұрынғы кеңінен тараған екі SIM-карталы үлгілердің баламасы болып табылады. Сізде бір мобильді телефонда бірнеше eSIM профилі болуы мүмкін және сіз қажетінше олардың арасында ауысып қосыла аласыз. Профильдер саны құрылғының үлгісіне байланысты. Мысалы, жеке және жұмыс нөмірлерін бір құрылғыдан басқаруға болады, ал мұндай нөмірлердің саны 5-ке дейін жетуі мүмкін.
Apple құрылғыларында мынадай хабарлама пайда болуы мүмкін: «Ұялы тариф сертификатталмаған» (Жаңа iOS нұсқасында өндірушімен түзетілген). Жалғастыру үшін OK басыңыз. Құрылғыны жаңартқаннан кейін хабарлама пайда болмайды.
eSIM-ді белсенді ету үшін смартфонда нақты SIM-картаның болуы міндетті емес. eSIM дербес модуль болып табылады және смартфонда басқа SIM-карталардың болуын қажет етпейді. Мобильді құрылғы бір уақытта нақты SIM-картаны да, eSIM-ді де қолдай алады. Қалауыңыз бойынша қолданыстағы SIM-картаны eSIM-ге ауыстыруыңызға болады, ол үшін Tele2 Сату және Қызмет Көрсету Орталығына жүгінуіңіз керек.
Егер Сіз смартфоныңызды басқа адамға сатсаңыз немесе сыйласаңыз, eSIM профилі жойылуы тиіс. Олай болмаған жағдайда сіз смартфоныңызды eSIM-дегі мобильді нөміріңізбен бірге сатасыз.
Шетелдегі мобильді байланыс және роуминг SIM-картаның түріне байланысты болмайды. Роуминг Сіздің тарифтік жоспарыңыздың стандартты шарттарына сәйкес ұсынылады.
eSIM профильды кездейсоқ жойып алған жағдайда, жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Tele2 Сату және Қызмет көрсету Орталығына жүгіну қажет. Саған нөмірмен жаңа QR код ұсынылады.
Маңызды! QR код бір реттік болып табылады және оны қайта қолдануға болмайды. Бұл шектеулік абонент туралы дербес деректердің қауіпсіздігі мақсатында жасалған және үшінші тұлғалармен алаяқтық мақсатта қайта қолдануды болдырмайды.
Сізде интернетке қосылудың бар екенін тексеріңіз (WI-FI немесе мобильді деректер беру) және құрылғыда операциялық жүйенің соңғы нұсқасының орнатылғанын тексеріңіз. Қажет болған жағдайда жүйені жаңартуды орындаңыз. QR-кодты тағы бір рет сканерден өткізіңіз.
Бүгінгі таңда смарт-сағаттарда eSIM пайдалану Қазақстан Республикасында қолжетімсіз, еSIM қолдайтын сағаттар Қазақстан Республикасы нарығына ресми түрде жеткізілмейді, сондықтан «Мобайл-телеком сервис» ЖШС смарт-сағатқа eSIM-нің ойдағыдай орнатылатынына кепілдік бере алмайды. eSIM қолдайтын құрылғылардың тізімімен төменде танысып шыға аласыз:
Қағаз тасушыдағы QR-кодты жоғалтып алған жағдайда, жеке басыңызды куәландыратын құжатпен бірге Tele2 Сату және Қызмет көрсету Орталығына жүгінуіңіз керек.
QR-код eSIM-нің бірегей профилі болып табылады және бір уақытта бірнеше құрылғыда жұмыс істей алмайды.